ШҚО-да жергілікті шаруалардың малын ұрлап, Алматы облысына өткізіп келген адам ұсталды

Фото: Фото; ШҚО ПД
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарынан 30-дан астам мал ұрлап, Алматы облысына өткізіп жіберген адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлығымен айналысқан ер адамды құрықтады.

«Белгілі болғандай, ол 2023 жылы жергілікті шаруа қожалықтарына үш рет ұрлыққа түскен. Сөйтіп, 33 бас малды ұрлап кетті. Содан соң малды Алматы облысына өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары аталған өңірдегі базарлардың бірінен малды тауып, жәбірленушілерге қайтарды. Материалдық залал толығымен өтелді», - делінген ақпаратта.

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Ол Ұлан ауданындағы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.



Соңғы жаңалықтар