ШҚО-да жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ жасақталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ жасақталған. Олар карантин уақытында тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Семей қаласында 71, Өскеменде 41 және 17 аудан мен қалаларда 219 топ жұмыс жасап тұр. Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады, – деді Ілияс Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, аталмыш жобаны қолдау мақсатында аудан мен қала әкімдіктері өздерінің қызметтік көліктерін мобильді топтарға табыстаған.


Соңғы жаңалықтар