ШҚО-да жер үйдің ауласында өрт шығып, 45 тонна пішен жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында жер үйдің ауласында өрт шығып, 45 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қабанбай ауылындағы жеке тұрғын үй ауласында сақталған 45 тонна пішен өртенген.

Тілсіз жау бірден шаруашылық қора-жайға тарап кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жеткен.

«Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – қасақана өртеуден болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті материалдар полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар