ШҚО-да жер үй өртеніп кетті, бір адам жансақтау бөліміне түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жер үйде өрт шығып, денесін күйік шалған ер адам жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 сәуірде түнгі сағат 03.00 шамасында Центральный көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

«Тілсіз жау үй қабырғасын, төбесі мен еденді шарпыған. От лезде моншаға, жазғы асүйге және гаражда тұрған 3 тракторға тарап кетті. Жедел әрекет еткен өрт сөндірушілер 134 шаршы метр алаңдағы жалынды ауыздықтап, көрші үйге таралуының алдын алды. Өрттің салдарынан беті мен аяғын термиялық күйік шалған 1986 жылғы азаматты жедел жәрдем дәрігерлері Риддер қалалық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

Қызыл жалынды өшіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған. Өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану себеп болды.



Соңғы жаңалықтар