ШҚО-да Жеңіс күніне орай «Мен батырдың ұрпағымын!» атты челлендж басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Мен батырдың ұрпағымын!» атты челлендж басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамырдың 5-іне дейін жалғасатын челленджді ШҚО ішкі саясат басқармасына қарасты өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығы бастаған.

«Біз сіздерді Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған челленджге қатысуға шақырамыз. Ол үшін YouTube , Instagram және Facebook желісіндегі «Рухани жаңғыру - Шығыс Қазақстан» топтарына тіркеліп, отбасылық мұрағаттан соғысқа қатысқан туған-туыстарыңыздың (жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің) суреттерін тауып, желіге жүктеу қажет», - деп хабарлады орталық мамандары.

Сондай-ақ жүктелген суреттің тарихы туралы қысқаша ақпарат жазу керек. Қатысушылар бұл ақпаратты видео түрінде де ұсына алады.

«Челленджді дос-жарандарыңызға эстафета ретінде ұсынуға болады. Бұл бастамамызға жастармен қатар аға буын өкілдері де қатысады деп сенеміз» делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар