ШҚО-да жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте сағат 14:00 шамасында болған.

«Прапорщиково ауылындағы Школьная көшесінде келе жатқан мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан қарсы бағыттағы жолға ұшып түскен мотоцикл тізгініндегі ер адамды көлік басып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

43 жастағы азамат оқиға орнында жан тапсырған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар