+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ШҚО-да жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған ер адам ұсталды

2021 жылғы 13 қыркүйек 23:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жылқы ұрлап, жеңіл көлік салонына тірідей салып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда пәтер тонаған әккі ұры ұсталды СҚО-да әкімшілік қамаудан босаған ер адам көлік айдап кеткен Шығыс Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 жастағы ер адам еркін жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан. Ол малды тірідей көлік салонының артқы орындығына салып, алып кеткен. Полиция қызметкерлері Ұлан ауданының тұрғынын қыркүйек айының басында кезекті ұрлық үстінде ұстады.

«Күдіктінің көлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары іште жатқан тірі жылқыны көрді. Ер адам бірден полиция бөліміне жеткізілген. Біршама уақыттан кейін жылқының иесі табылды. Ол малының жоғалғандығы туралы мүлде білмеген», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (мал ұрлығы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған дейін бірнеше жылқы мен бұзау ұрлағандығы анықталып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT