ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, төрт адам ауруханада

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 ақпан күні Глубокое ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 6-шы шақырымында болған. Анықталғандай, Глубокое кентіне қарай бара жатқан KIA Soul маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шыққан. Алайда рульге ие бола алмай қалып, бірінші сол көлікпен, кейін қарсы бағыттағы КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан KIA Soul көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар