ШҚО-да жемқорлар туралы хабарлайтындар саны артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқапарат - ШҚО-да жыл басынан бері жемқорлық әрекеттер туралы хабарлаған адамдарға 456,9 мың теңге сыйақы төленген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті басшысы Сергей Потанин арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сергей Потаниннің айтуынша, халықтың сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне сенімі арта бастаған.

«Тұрғындардан жемқорлық фактілері туралы хабарламалар мен арыз-шағымдардың жиі түсуі біздің қызметімізге деген сенімнің артқанын көрсетеді. 2018 жылдың алғашқы 3 айында арнайы комиссия құнды ақпарат ұсынған 6 адамды материалдық тұрғыдан ынталандыру мәселесін талқылаған болатын. Нәтижесінде оларға 456,9 мың теңге сыйақы төленді» - деді департамент басшысы.

Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан бойынша 54 жемқорлық қылмысы тіркелген. Оның ішінде 32 қылмыс пара алу бойынша, 10 қылмыс бөтеннің мүлкіне қол салу бойынша, 6 қылмыс алаяқтық бойынша қозғалған. Осы істерге қатысы бар 38 адам жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар