ШҚО-да жеке куәлігі жоқ 200-ден астам адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 200-ден астам адам жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың 24 қыркүйегінде басталған ҚР Көші-қон комитеті мен «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы» ҚБ өткізген құжаты жоқ азаматтарды құжаттандыру (бұрынғы СССР төлқұжатын уақтылы ауыстырмағандар, туу туралы куәлікпен тұрып жатқан 18 жастан асқан тұлғалар) бойынша акция бүгін аяқталды.

«Акция аясында өңір бойынша жеке куәлік жасатпаған 231 адам анықталды. Оның ішінде 209-і қазіргі уақытта құжатын қолына алды. Көп жағдайда бұл санаттағы тұлғалар, әртүрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, құжатынның болмауына байланысты әлеуметтік көмектен қағылып, ресми түрде жұмысқа тұру мүмкіндіктерінен айрылғандар. Сол себепті ШҚО ПД Көші-қон қызметінің мамандары олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мәртебесін реттеу мақсатында жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент бұған дейін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы аталмыш акция туралы халықты хабардар етіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар