USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да жаз басынан бері 11 адам суға кетті

2020 жылғы 16 маусым 22:41
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жаз басынан бері 11 адам суға кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаз басталғалы бері 11 адам суға батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған 18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі Көкшетауда соғылған көліктің ішінде қысылып қалған жүргізуші мен жолаушы құтқарылды

Бұл жайлы ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тимур Дидахметов мәлімдеді.

«Маусым айының басынан бері 11 адам суға батқан. Оның ішінде 1 бала бар. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік жоспары әзірленген. Соның аясында шомылу маусымы басталғалы бері 252 рейд жүргізілді. Нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген 5 адам жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.

Оның айтуынша, Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында құтқарушылар бекеті құрылды. Ондағы мамандар барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, өңірде суға түсуге рұқсат берілген 180 жағажай бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT