ШҚО-да жайылымдық жер тапшылығы 700 мың гектарды құрайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының шаруагерлеріне жайылымдық жер тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінде ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиналыс өтті. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, қазір өңірдегі жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарды құрап отыр.

«Бүгінде Өскемен, Семей және Риддер қалаларында бұл мәселе толығымен шешімін тапқан. Дегенмен, бірқатар ауданда жайылымдық жер тапшылығы әлі де сезілуде. Бұл ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының өз жұмысын тиісті деңгейде атқармауы салдарынан туындады», - деді ол.

Даниал Ахметовтың сөзінше, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жұмысы алға қойылған. Кәсіпкерлермен жерді өз еркімен немесе сот арқылы қайтару туралы келіссөздер жүргізу мәселесі қарастырылуда.

«Шығыс Қазақстан халқының 40 пайызы ауылда тұрады. Олар мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бізде сүт қабылдау пунктері мен ауылшаруашылық өнімдерін қабылдайтын бордақылау алаңдары бар. Сондықтан жайылымдық жер тапшылығын жою, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару мәселесі бірінші кезекте тұрғаны анық», - деп қорытындылады облыс әкімі.




Соңғы жаңалықтар