ШҚО-да жатыр мойны обыры диагнозымен есепте 1600-ден астам әйел тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жатыр мойны обыры диагнозымен есепте 1600-ден астам әйел тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық өтті. Соның аясында онколог мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желі арқылы онлайн-эфирлер өткізіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

«Аурудың алдын алу үшін скринингтен өту қажет. Қауіпті дерт дер кезінде анықталса және дұрыс емделген жағдайда сауығуға әбден болады. Ең бастысы, уақтылы гинеколог маманға қаралып отырған жөн», - деді облыстық Онкология орталығының дәрігері Әсел Қарабалаева.

Оның айтуынша, елімізде осы аурудың алдын-алуға бағытталған скринингтік бағдарлама бар. Бұл әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылады. Ол үшін әйел адам өзі тіркелген емханасында гинеколог дәрігерге жүгінуі керек.

«Облыста былтыр 80 мыңға жуық әйел адам скринигтік зерттеулермен қамтылып, олардың ішінде бұл ауру 27 әйелде бар екені анықталған. Жалпы аймақ бойынша жатыр мойны обыры диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 1627 адамды құрап отыр», - деді Ә.Қарабалаева.


Соңғы жаңалықтар