+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

2021 жылғы 27 қазан 22:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жастардың жұмыссыздық деңгейі 40,3% құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Елбасы. Жастар. Болашақ» атты салтанатты шара өтті Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Ақмола облысында «Ұлы дала жастары» форумы өтті

Семейде биыл екінші жыл NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша жоба жүзеге асырылуда. NEET – түрлі себептер бойынша оқымайтын, жұмыс істемейтін және өз біліктілігін арттырмайтын жастар.

Жоба шеңберінде аталмыш санаттағы жастардың проблемалары кешенді түрде зерттелуде. Бұл туралы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық а ссоциациясы Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жүнісова мәлім етті.

«Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірде NEET жастарының саны – 5,8% құрап отыр. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден айтарлықтай төмен. Жоба шеңберінде жастардың қатысуымен семинарлар, сұхбат алаңдары және басқа да іс-шаралар өткізілуде», - деді ол.

Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 40,3% құрап отыр. Эльзира Жүнісованың айтуынша, аймақ жастарының жұмыссыз болуының басты себептерінің бірі – жұмыс іздеуге деген ниеттің жоқтығы емес, лайықты жұмыстың болмауы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT