+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО-да жасөспірім танысының атынан 2 млн теңге несие алған

2021 жылғы 25 тамыз 21:43
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жасөспірім танысының атынан 2 млн теңге несие алған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында танысының атынан 2 млн теңге несие алған17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда бойжеткен ақшаңды көбейтіп беремін деп алдап, 8 млн теңгені қалтаға басқан Атырауда жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 550 дерегі тіркелген Атырауда алаяқ қайтыс болған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат белгісіз біреудің өз атына несие ресімдегендігін жеткізді.

«Белгілі болғандай, Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны Алтай ауданындағы Серебрянск шаһарына танысының үйіне қонаққа келген. Сол кезде жасөспірім жәбірленушінің телефонына банктердің бірінің мобильді қосымшасын орнатып береді. Кейін арада бірнеше күн өткенде шұғыл ақша қажет болған кезде ол танысының жеке деректерін пайдаланып, 2 млн теңге несие алған. Содан соң қаражатты өз шотына аударған», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытқа полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Алаяқ қаражатты құмар ойындарға салып ұтылып қалғанын алға тартты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT