ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Өскемен-Алтай», «Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолдарында жүргізілді. Аталған учаскелердегі тау баурайында бірнеше күн бойы толассыз жауған қар биіктігі 21-ден 60 см-ге дейін жеткен.

«Екі учаскеде 5 жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде 4100 текше метр қар түсірілген. Жолдар қардан толығымен тазартылды. Қазіргі уақытта жол ашылып, көліктер кедергісіз қатынауда», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүру қаупі бар. Жалпы көшкін қаупі бар кезең Шығыс Қазақстанда қараша айынан сәуірге дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар