ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері өңірде қалың қар жауып, қатты жел соғуына байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған байланысты «Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тасжолының маңында 3 рет жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.
«Нәтижесінде, 38 700 текше метр түсірілді. Қар толықтай жолды жауып қалған. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - делінген хабарламада.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жағдайын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- ШҚО-да бір күнде 20 мас жүргізуші ұсталды
- «Қызыл» аймақтағы Өскемен мен Семейде сауда орындары қалай жұмыс істейді
- Алакөлге баратын теміржол және автобус рейсінің саны артады
-
Семейде 18 мектеп карантинге жабылды
-
Өскеменде көпқабатты жаңа үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам