
09:50
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінің алдын алу шаралары «Өскемен-Алтай» тасжолында жүргізілді.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мониторингінен белгілі болғандай, аталған учаскедегі тау бөктерінде қар қалыңдығы 50-60 см-ге жеткен. Жасанды жолмен жүргізілген көшкіннен 2200 текше метр қар түсірілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта «Өскемен-Алтай» тасжолында көшкін жүру қаупі жоқ.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы 497 жол учаскесінде көшкін жүруі мүмкін.