ШҚО-да «Жас бүркіт» клубы ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде оқушылардан құралған «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб Өскемендегі Ұлттық Ұлан әскери бөлімдері мен облыс орталығындағы №4 жалпы орта білім беретін мектеп базасы негізінде құрылып отыр.

«Пилоттық жасақ ретінде №4 мектептің таңдалып алынуы жайдан-жай емес. Мұнда 1996 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы ашылған еді. Енді міне «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы құрылды. Оған мектептің 30-дан астам оқушысы мүше болды» - дейді №4 мектеп директоры Ольга Зюзь.

Клубқа ұлдармен қоса қыз балалар да мүше болды. Олар үшін әскерилер арнайы өткізетін шараларын да жопарлап қойған.
null

«Қысқы уақытта өзіміздің әскери бөлімдердегі спортзалдарда балаларға қоян-қолтық ұрыстарының жеңіл ережелерін үйретеміз. Жазда ата-аналарының келісімімен полигонға шығамыз»,- дейді ҚР Ұлттық Ұлан Шығыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев.

«Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубтар еліміздің барлық жалпы орта білім беретін мектептерінде ашылып келеді. Бүгінгі ашылған клуб Өскеменде әзірге біріншісі ғана. Ниязтай Әлкешевтің айтуынша, жыл соңына дейін Шығыс өңірлік қолбасшылығы тағы осындай 15 клуб ашуға дайын.
null null

Соңғы жаңалықтар