ШҚО-да жарылыс жасалып, трасса бойына қар көшкіні түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары «Өскемен-Самар» тасжолында көшкі түсірді.


«Аталған жолдың 95-102 шақырымындағы 4 учаскеде жарылыс жасалып, жалпы көлемі 1370 текше метр қар түсірілді. Қазіргі уақытта күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Күн сайын көшкін жүруі мүмкін жерлерге мониторинг жүргізілуде», - деді «Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Қыс басынан бері облыста 108 рет жарылыс жасалып, жалпы көлемі 129 760 текше метр қар түсірілді.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да 7 сәуірге дейін қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар