ШҚО-да жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ден астам адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда.

«Блокпосттар арқылы көліктердің жүріп-тұруына, кіруіне және шығуына шектеулер енгізілді. Онда құжаттар, жеке заттар, автокөліктер мен жүктер тексерілуде. Сондай-ақ облыс бойынша көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Коммуналдық объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Шығыс Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде тонау фактілеріне жол берілген жоқ. Қоғамдық көлік тұрақты қатынауда, ал облысішілік автобус жұмысы қалпына келтірілді», - делінген ақпаратта.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 322 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 80 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, 8 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Облыс бойынша 92 полицей мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алды. Тәртіпсіздікке қатысқандар ішінен 100-ден астамы жарақат алып, 3 азамат көз жұмды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар