ШҚО-да жаппай маска тағу талап етілетін болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында үйден кез келген жаққа шығу үшін маска тағу керек. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің 29 қазандағы №23-1 қаулысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат yk.kz-ке сілтеме жасап.

Үйден қайда шықсаңыз да, көшеде болсын, өз көлігіңізде, подъезде болсын, маска тағу міндетті. Яғни масканы үйіңіз немесе пәтеріңіз болып саналмайтын кез келген жерде тағу керек. Қалған тыйымдар, соның ішінде жаппай мерекелер мен отбасылық отырыстар үшін де жалғасуда. Осы санитарлық ережені сақтамағаны үшін айыппұл 30 АЕК (80 000 теңгеден жоғары) құрайды.

Мұның орындалуын полицейлер қадағалайды. Олар хаттамалар толтырады, бірақ айыппұл сала алмайды. Сондықтан оларды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық дәрігерлеріне жібереді.

Көшелер мен аулада учаскелік инспекторлар бұл жайында күні кеше ескертті. Қаулы бүгін түн ортасында басталды. Бұрын хабарланғандай, ШҚО-да блокпостар қойылып, ерекше шарттары бар шектеу шаралары енгізілді.

Соңғы жаңалықтар