Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.18 EUR 426.14
RUB 5.98 CNY 54.86
Jańalyqtar

ШҚО-да жаңбырдан соң өзен суы көтерілді

2019 жылғы 21 мамыр 21:47 688
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жаңбырдан соң өзен суы көтерілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның  Алтай ауданында Тұрғысын өзені  тасып, соның салдарынан су электр стансасы салынып жатқан аумаққа қауіп төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Пенжімде селден зардап шеккен отбасының әр мүшесіне 30 мың теңгеден берілді ШҚО-да толассыз жауын соңы тасқынға ұласты

Әлеуметтік желіде тараған суреттер мен видеодан құрылыс алаңына су кеткенін көруге болады. Желі қолданушылары аталмыш ауданда толассыз жауын салдарынан Тұрғысын өзенінің суы көтеріліп жатқанын жарыса жазды.

Дегенмен, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ҚазАқпарат тілшісіне ешқандай елді мекенге су алу қаупі төнбегенін айтты.

«Біздің сондағы мамандардың хабарлауынша, өзен суы көтерілгенімен, арнасынан аспаған. Ешкімді қауіпсіз аумаққа көшіру  қажеттігі туындамады. Көмек сұрап, шағым айтқандар да жоқ.  Елді мекендерге де ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Әзірге қолымызда бұдан өзге мәлімет жоқ» - дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.

Ал  Парыгино ауылдық округінің әкімі Вадим Пигарев оқиға орнында  барлық жауапты қызметтердің жүргенін, жағдайдың бақылауда  екенін айтады.

«Жаңа ғана құрылыстың басында болып қайттым. Аудан әкімі мен аудан прокуроры да осында жүр. Елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Барлығы бақылауда. Жаңбыр салдарынан өзен суы көтеріліп кеткен. Бар болғаны осы» - дейді Вадим Пигарев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT