ШҚО-да жаңажылдық демалыс күндері полицияға 1200-ден астам қоңырау түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаңажылдық демалыс күндері «102» жедел арнасына 1200-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жаңажылдық демалыс күндері тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде 500-ге жуық заңбұзушылық жайлы арыз түскен. Бұдан бөлек, жаңа жылдың бірінші күнінде 700-ден астам азамат полицияға түрлі өтініш жазды.

Талдау көрсеткендей, түскен өтініштердің негізгі бөлігі Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінде тіркелген.

«Облыс жолдарында 1 жол-көлік оқиғасы болып, одан бір адам зардап шекті. Көлік құралын мас күйде тізгіндеген 10 жүргізуші анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жаңа жыл қарсаңында полицияға түскен қоңыраулардың 74-і отбасылық жанжалға байланысты болған. Сондай-ақ 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде 15 ұрлық фактісі тіркелді.


Соңғы жаңалықтар