+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары үйлеріне қайта алмай қалды

2018 жылғы 14 мамыр 10:16
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары үйлеріне қайта алмай қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тарбағатай ауданында 25 адам тасыған өзеннің құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындары Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған. Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған.

«Есім ауылында бірнеше шаңырақ қана тұрады. Ауылдан өзге елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан, жерлеу рәсіміне келген тұрғындар ауылдарына қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде бәрінің киімдері су болды, бойларын суық ала бастаған.Дер кезінде жетіп, барлығын қауіпсіз жерге жеткіздік» - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.
null

Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуына мінетінін, сондықтан мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT