ШҚО-да жанармай таситын көлік аударылып, 2 адам зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жанармай таситын көлік аударылып, 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында «Өскемен-Риддер» тасжолында болған.

«Жанар-жағармай таситын көлік аударылды. Соның салдарынан 18 тонна жанармай төгілген. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Олар жанармай төгілген жерледі көбікпен оқшаулады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, жол апатынан 2 адам зардап шеккен. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен азаматтарды ауруханаға жеткізді.

Айта кетейік, оқиға орнына 4 автоцистерна мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері құтқарушылардың жұмысы кезінде жолды жауып тастады. Қазір қозғалыс қалпына келтірілген.


Соңғы жаңалықтар