ШҚО-да жанармай бағасына қатысты қайда шағымдануға болады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жанармай бағасына қатысты шағымдана алатын арнайы парақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауына және қолдан тапшылық жасалуына жол бермес үшін бақылау күшейтілген.

«Бағаны тұрақтандыру және біркелкі ету, халықтың арыз-шағымдарына бірден жауап беру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерге Энергетика министрінің күшіне енген бұйрығының негізгі ережелері түсіндіріліп жатыр, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің жаңа бағалары жазылған», - делінген ақпаратта.

Азаматтар жанар-жағармай бағасының негізсіз қымбаттауына шағымдана алуы үшін Instagram әлеуметтік желісінде @dervko_monitoring_gsm аккаунты ашылған. Сонда жазылған әр арыз бойынша толыққанды тексеру жұмыстары жүргізілмек.

Еске салсақ, Энергетика министрлігі елімізде бензин мен дизель отынының бағасы өсетінін хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар