ШҚО-да жаңа жылдан кейін нан бағасы қымбаттай ма

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаңа жылдан кейін нан бағасы қымбаттамайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Владимир Гайламазянның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілмеуі үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оның ішінде нанның қымбаттамауына баса назар аударылған.

«Келер жылдан бастап бөлке нанның орташа құны 90 теңгеден аспауы үшін әлеуметтік нан өндірумен айналысатын кәсіпорындар нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағадағы ұнмен қамтамасыз етіледі. Осылайша, жаңа жылдан кейін нан бағасы өспейді деп күтілуде», - деді ол.

Владимир Гайламазянның сөзінше, Өскемен қаласындағы дүкендерде әлеуметтік бағадағы нан алдағы уақытта да сатыла бермек. Бағаны тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігі «Эко-агро» және «Хлебозавод Каравай» ЖШС келісшартқа отырды. Соның нәтижесінде, дүкендерде бірінші сорттағы бөлке нанның бағасы 85-95 теңге болмақ.

Соңғы жаңалықтар