ШҚО-да жаңа формация көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында жобалық кеңсесі жұмыс істеуде

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаңа формация көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында «ӨzgerIS» жобалық кеңсесі жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-дағы «Тринта» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында «Азаматтық қоғамдағы жаңа формация көшбасшыларын қалыптастыру бойынша жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыруда. Осы жоба бойынша «ӨzgerIS» жобалық кеңсесінің жұмысы қолға алынған. Қатысушыларға 4 бағытта қызмет ұсынылады, атап айтқанда кеңес беру, ақпараттық, әдістемелік және оқыту.

«11 онлайн-тренинг, консультациялық оқыту, 5 шеберлік-сабақ, 6 тікелей эфир түрінде «Soft skills, адвокация және өзгерістер теориясы, азаматтық мамандықтар» тақырыптарын қамтитын ауқымды оқыту бағдарламасы жүргізілді.

Жаңа формация көшбасшыларының портретін қалыптастыру, олардың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «өз ойын ашық айтатын азаматтар» арасындағы коммуникациясына қатысуын анықтау мақсатында осы жылдың маусым айында форсайт-сессия ұйымдастырылды. Оған Қазақстан өңірлерінен 50 адам қатысты.

Жалпы бұл жоба еліміз бойынша 300-ге жуық адамның басын қосып, ауқымды әлеуметтік әсер етті. Жобаға қатысушылар жаңа ынтымақтастық орнатып, бір-бірінен шабыт алды және сол арқылы өз ұйымдарына тың жобалар алып келді», - делінген «Тринта» қоғамдық қоры өкілдері таратқан ақпаратта.

Жоба шеңберіндегі іс-шаралар онлайн және оффлайн форматта өткізілді. Қазан айында жобалық кеңсе Қазақстан өңірлеріндегі 50 пікірталас алаңына жетекшілік етті және жобаға қатысушылардың тәжірибе алмасуы бойынша 20 сапар ұйымдастырды. Әртүрлі форматта пікірталас алаңдары өтті. Нәтижесінде қатысушылар фишбол форматында 36 сағат пікірталас жүргізіп, хакатон форматында 51 сағат шығармашылық байланыста болды.

«Азаматтық қоғамдағы жаңа формация көшбасшыларын қалыптастыру барысында «OzgerIS» жобалық кеңсесінің кеңесшілер тобы жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатып, консультациялар мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету арқылы түрлі шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға көмек көрсетті. Әрбір жоба қатысушысы қажетті білім алып, өз қаласында немесе ауылында халықпен жұмысты сапалы және ең бастысы, жауапкершілікпен ұйымдастыра білді. Жоба барысында біздің көшбасшылар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда, жергілікті деңгейде түйткілді мәселелерді шешуде нақты нәтижелерге қол жеткізді», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар