ШҚО-да жаңа босанған әйелдерге сәбилері Аяз атаның киімінде берілді

None
None
АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданаралық ауруханасында жаңа босанған әйелдерге балалары Аяз атаның киімінде берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровтың айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ерекше шара ұйымдастырылған.

«Қазір перзентханада күніне 5-6 бала дүниеге келеді. Медициналық мекеменің еңбек ұжымы Аяз ата киімдерін өздері тігіп, жаңа туған нәрестелерді киіндірді», - деді ол.

Бұл киімдер санитарлық талаптарға сәйкес зарарсыздандырылған. Өз перзенттерін көрген әйелдер қуаныштан көздеріне жас алды.

«Баламды осындай киімде көремін деп еш ойлаған жоқпын. Дәл Жаңа жылға біздің отбасымызға келген сыйлық секілді. Ерекше сезім сыйлаған аурухана ұжымына мың алғыс!», - деді аналардың бірі.


Соңғы жаңалықтар