ШҚО-да жалғызбасты ана есірткі тасымалымен айналысқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізді. Петропавл қаласынан келген екі әйел Telegram мессенджері арқылы «жылдамдық» және «меф» деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың тасымалымен айналысқан.

«Әйелдердің бірі 8 және 6 жастағы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол өңір аумағына маусым айында келген. Біраз уақыттан кейін оның апайы да қылмыстық іске араласты.

Пәтерді тінту барысында 2 мыңнан астам бір реттік доза, 700 грамм синтетика есірткі тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн теңгеден асады», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар