ШҚО-да жалған нөмірмен 46 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге сот үкімі шықты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген Lexus автокөлігінің жүргізушісіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

19 мамыр күні полицейлер жүргізушіні ұстап, оның көлігіне 2,2 млн теңге айыппұл салынғанын анықтаған болатын. Ол 46 рет жол ережесін бұзған.

Ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 жастағы тұрғынды ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және бір жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдансын деп шешім шығарды.


Соңғы жаңалықтар