ШҚО-да жағдайы нашарлап кеткен нәресте ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында жағдайы ауырлап кеткен нәресте Өскемендегі ауруханаға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ТЖМ «Қазавиа құтқару» АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жаңа туған нәрестенің жағдайы нашарлап кеткені, оны шұғыл түрде Өскемендегі ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабар түскен.

Өскемен қаласында орналасқан Ми-8 тікұшағы бірден сол жаққа қарай ұшып кетті. Бортта әуе кемесінің командирі Руслан Ағламбеков, екінші ұшқыш Мәжит Кенжеғалиев, авиация қызметкерлері Әуелбек Қазақпаев, Пердебек Жұмабаев, Сәкен Бекжанов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері, облыстың бас неонатологы Асхат Қуанышпаев пен фельдшер Бек Асаубаев болған.

«Нәресте жедел түрде Ақжар ауылынан Өскеменге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол Ана мен бала орталығында дәрігерлердің бақылауында», - деді «Қазавиа құтқару» АҚ баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин.


Соңғы жаңалықтар