ШҚО-да жағажайлар шомылу маусымына қаншалықты дайын

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жағажайлардың шомылу маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы өңірде 31 адам суға батқан. Барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болды.

Ал биылғы жылдың басынан бері 1 бала суға кетті.

«Су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы» ҚР ІІМ №34 бұйрығына сәйкес, қауіпсіз жағажайда сүңгуірлік тексеру жүргізілгендігінің актісі болуы тиіс. Сондай-ақ кемінде 2 арнайы оқытылған құтқарушы кезекшілік етіп, балалар шомылатын орындар жабдықталып, профилактикалық стендтер орнатылып, медициналық персоналға арналған бекеттер жұмыс істеп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ететін барлық жабдықтар болуы қажет. Әзірге Шығыс Қазақстанда 3 ресми жағажай бар. Оның екеуі Өскеменде, біреуі Ұлан ауданында орналасқан. Бұдан бөлек, 16 демалыс орны мен шомылуға тыйым салынған 64 жер тіркелген», - деді департамент бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Жағажайларды тексеру нәтижесінде, олардың қауіпсіздік стандарттары бойынша демалушыларды қабылдауға дайын емес екендігі белгілі болды.

Құтқарушылар талай кемшіліктерді анықтаған.

Атап айтқанда, қайық қоятын орындар болмай, жүзу шекарасы белгіленбеген, сондай-ақ медициналық және құтқару бекеттері жоқ болып шықты.


Соңғы жаңалықтар