ШҚО-да зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында екі зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген қаскөй ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 25 қаңтарында таңертең Алтай ауданы Прибрежный кентінің тұрғындары көрші үйдің өртеніп жатқанын көрді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған соң, еденде зорлық-зомбылықпен өлтірілген 83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның мәйіттерін тапты.

«Олардың денесінде көптеген пышақ жарақаттары болған. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Алайда сол кезде қылмыскерді табу мүмкін болмаған», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Осы жылдың қазан айында ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жәбірленушілермен араздасып жүрген 37 жастағы ер адам болып шықты. Кісі өлтіргеннен кейін әдейі үйді өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Егер сот оны кінәлі деп таныса, 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.




Соңғы жаңалықтар