ШҚО-да зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына Глубокое ауданы Предгорное ауылында тұратын 72 жастағы қария жүгінді. Өз сөзінде ол үйіндегі жатын бөлмесінде тұрған сейфтің құлпын бұзған ұрының 3 500 000 миллион теңгесін қолды қылғанын жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 34 жастағы жергілікті тұрғын қазіргі уақытта қолхатпен босатылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Күдікті кінәсі дәлелденген жағдайда 2-ден 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар