+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ШҚО-да зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті

2020 жылғы 29 қазан 12:32
Бөлісіңіз:
ШҚО-да зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полицейлер өтірік шағым жасаған қызды ұстады Елордада үш жасөспірім бейтаныс адамға шабуыл жасаған Арқалықта жетім балаларға тиесілі азық-түлікті ұрлап келген бас дәрігер сотталды

Риддер қаласының полиция бөліміне 65 жастағы қария арызданды. Зейнеткер үйге белгісіз біреудің кіріп, жатын бөлмедегі шкафта тұрған ақшасын ұрлап кеткенін жеткізген. Жедел әрекет еткен ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше күн ішінде күдіктіні қолға түсірді.

«Анықталғандай, үй ішінде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген ұры терезе арқылы кірген. Жатын бөлмедегі шкафтан шетел валютасындағы 18 млн теңгеден астам ақша салынған пакетті алып, оқиға орнына ізін суытады. Риддер қаласының 41 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ер адам ақшаның біраз бөлігін тығып қойғанын, қалғанын өзімен бірге Өскеменге алып кеткенін айтты. Тәртіп сақшылары оның үйін тінту барысында ақшаны тапты. Күдікті ұрланған қаражаттың біразына қымбат смартфондар, киім-кешек пен алтын бұйымдар сатып алған. Қалған сома жәбірленушіге қайтарылып берілді.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT