USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да зейнеткерді өрттен құтқарған полицей марапатталды

2021 жылғы 1 наурыз 21:33
Бөлісіңіз:
ШҚО-да зейнеткерді өрттен құтқарған полицей марапатталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерді өрттен құтқарған полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептен кейін оралмаған: Атырауда жоғалған 9 жасар қыз табылды Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті ШҚО-да 3 медицина қызметкері психотроптық заттарды сатып келген

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшысы Айбек Бұрмантаев өткен жылдың желтоқсан айында отқа оранған үйге кіріп, қарт кісіні сыртқа алып шыққан.

Осылайша өз өмірін қатерге тіккен полицей зейнеткерді ажалдан арашалап қалды.

«Бүгін Аягөз ауданының учаскелік полиция инспекторы Айбек Бурмантаевқа құрмет көрсетілді. Полиция аға лейтенантына өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және адамды өрттен құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібіне қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО полицейлерінің жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT