ШҚО-да заңсыз сақталған 30-дан астам қару тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 30-дан астам қаруды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Соның аясында өңір тұрғындарынан заңсыз сақталған 31 қару тәркіленді.

«Мәселен, Өскеменде 28 жастағы азаматтың үйін тексеру барысында жатын бөлмедегі шкафтың астына жасырылған қару табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл – тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы. 28 калибрлі патрондармен ататын қару ішкі істер органдарының есебінде жоқ болып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы 3-бөлігіне (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Соңғы жаңалықтар