ШҚО-да заңсыз сақталған 30-дан астам қару тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 30-дан астам қаруды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында заңсыз айналымдағы атыс қаруларын тәркілеп жатыр.

«Өңірде шара басталғалы бері 30-дан астам түрлі қару тәркіленді. Атап айтқанда, 4 шолақ мылтық, 7 ойық винтовка, 2 тапанша, оның ішінде қолдан жасалған револьвер, 22 тегіс ұңғылы мылтық, РГД-5 әскери гранатасы бар. Бұл қару-жарақ арсеналдары кез-келген уақытта заңсыз әрекеттер жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін еді», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оның айтуынша, тегіс ұңғылы қаруды сақтаған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Травматикалық және ойық қаруды заңсыз ұстаған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар