ШҚО-да ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылдың тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойғанына 30 жыл толады. Бұл ядросыз, бейбіт өмірді таңдаған Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды. Полигонда барлығы 456 ядролық жарылыс жасалған. Олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түсті.

Облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов Семейде атаулы күнге орай Тұңғыш Президент кітапханасының «Іргелі шешімдер уақыты» атты көрмесі ұсынылатынын айтты.

«Сондай-ақ Семейде, Бейбітшілік аралында «Өлімнен де күшті« монументіне гүл шоқтарын қоюмен дәстүрлі халықаралық «Бейбітшілік« акциясы өтеді. «Экология. Радиация. Денсаулық« атты халықаралық конференция ұйымдастыру жоспарлануда. Курчатов қаласында да бірқатар іс-шаралар өткізілмек. Мәселен, Ұлттық ядролық орталық пен АҚШ ғалымдарының қатысуымен Семей сынақ полигонының тарихына арналған стела ашу жоспарлануда», - деді ол.

7-9 қыркүйекте Ұлттық ядролық орталықта «Семей ядролық полигоны: ғылыми-техникалық әлеует мұрасы және даму келешегі» атты халықаралық конференция өтеді. Қазіргі уақытта 19 жақын және алыс шетел өкілдері конференцияға қатысатындығы туралы мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар