ШҚО-да волонтерлер қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, барлық қиындықтар мен сынақтарға қарамастан осы жыл елдегі волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңі болды. Әрбір өңірде және қалада еріктілер жұмыла жұмыс істеді. Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Достық үйінің еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған бірнеше отбасыға көмектесті.

Волонтерлер өз күштерімен қажетті киім-кешекті, балалар мен жасөспірімдерге арналған заттарды жинап, Алтай қаласындағы және Тұрғысын ауылындағы отбасыларға табыстады.

«Біздің команда мүшелерінің әрқайсысы игі іске ерекше ықыласпен қарай отырып, балаларға арналған заттарды қамқорлықпен іріктеп алды. Барлық отбасыларға жеткілікті заттардың бар екеніне көз жеткізіп, біз жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен бірге жолға шықтық», – дейді Алтай ауданы ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Ирина Тимофеева.


Соңғы жаңалықтар