Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 26 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

ШҚО-да воллейболдан күзгі балалар лигасы өтеді

2017 жылғы 13 қазан 22:20 1039
Бөлісіңіз:
ШҚО-да воллейболдан күзгі балалар лигасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде қазанның 15-і мен 20-сы күні воллейболдан 2000-2001, 2002-2003, 2004-2006 ж.т қыздар және ұлдар арасында балалар лигасының   ШҚО  күзгі чемпионаты жалауын желбіретеді, деп хабарлайды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Көп кезеңнен тұратын облыстық бәсеке жыл сайын өткізіліп келеді. Аталмыш бәсекеге өскемендік командадан  бөлек, облыстағы аудандардан және Семей қаласынан спортшылар келеді деп күтілуде.

Спорттық іс-шара ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының  Шығыс Қазақстан облысының спортта дарынды балаларға арналған мектебінде өтеді.

Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар жарыс жолына шығады. Артынша спортшыларға бір күн демалыс беріліп,  қазанның 18-інен сайыс соңына дейін қыздар бәсекесі өтеді.

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат