+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

2021 жылғы 21 қаңтар 15:00
Бөлісіңіз:
ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінде өткен салтанатты шарада 2020 жылдың үздік тергеушісі мен анықтаушысы марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да нәзік жандылар Қарулы Күштер қатарында жемісті еңбек етіп жүр Әсем Мәуітқазы үйінде 10 мың түпке жуық қызғалдақ өсіріп отыр - ШҚО Мереке қарсаңында еріктілер елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге гүл таратады

Шарада қылмыстық істерді сапалы әрі заңға сәйкес тергеп, сотқа көп іс жолдағандар марапатталды. Өткен жылдың нәтижелері ҚР ІІМ әдістемесі бойынша рейтингтік есептеулермен анықталған.

«Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Әлібек Серғазин Шығыс Қазақстан облысының үздік тергеушісі болып танылды. Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны Дәулет Слямов Шығыс Қазақстан облысының үздік анықтаушысы атанды. Сонымен қатар Риддер қалалық Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі үздік тергеу бөлімшесі аталымында үздік шықса, Глубокое аудандық Полиция бөлімінің анықтау бөлімшесі үздік анықтау бөлімшесі атанған», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Тергеу басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Әсел Қалиякперова мен Анықтау басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция майоры Лаура Қасымбаеваға грамота берілді.

Айта кетейік, марапаттау рәсімінде барлық санитарлық талаптар сақталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT