ШҚО-да үшінші май өңдеу зауыты ашылады
2022 жылғы 14 сәуір 15:45

ШҚО-да үшінші май өңдеу зауыты ашылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаңадан май өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы агросекторды дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге майлы дақылдардың егіс алқабын ұлғайту қажет. Өйткені қазіргі уақытта өңір бойынша екі май өңдеу зауыты жұмыс істеуде. Ал үшіншісі жақын арада іске қосылмақ. Бұл дақылдарға 484,7 мың га егістік жер қарастырылған», - деді ол.

Оның айтуынша, картоп егуге назар аудару керек. Суармалы жерлер қандай аумақты алып жатқанын және жеке қосалқы шаруашылықтарда қанша картоп өсірілетінін анықтаған жөн.

«Алдағы егістік жұмыстарына тыңайтқыштар дайындалды. 33 мың тонна отын қоры бар. Жалпы, агросекторды дамытуға алты млрд теңге көлемінде субсидия бөлу жоспарланып отыр. Жақын арада мен кейбір жайттарды талқылау үшін ірі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесемін», - деді Даниал Ахметов.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT