ШҚО-да үш жыл ішінде 8 студенттер жатақханасы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта өңірде Елбасының үшінші бастамасын орындау шеңберінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда студенттер үшін қолайлы жағдай жасалуда. Өңірдің 7 жоғары оқу орнында 17 жатақхана, 28 колледжде - 30 жатақхана бар. 2023 жылға дейін 3348 орындық тағы 8 жатақхана салынатын болады.

2020 жылы Өскемен қаласында 672 орындық медициналық және құрылыс колледждері үшін, сондай-ақ Семей қаласының бизнес және сервис колледжі үшін 288 орындық үш жатақхана салу жоспарлануда.

Даниал Ахметов базасында өндірістік тәжірибе өтетін колледждер мамандандырылған жабдықтармен жабдықталатынын атап өтті.

«Осы кешенді шаралар арқылы біз ұмтылатын түпкі мақсат – өңір колледж түлектерінің жұмысқа орналасу коэффициентін 92 пайызға дейін жеткізу. Біз бұрынғысынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білімге қол жеткізуге ерекше назар аударуымыз қажет», - деді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар