+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

ШҚО-да үш күнде 146 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

2021 жылғы 3 наурыз 17:45
Бөлісіңіз:
ШҚО-да үш күнде 146 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үш күнде 146 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада сегізінші веломаусым басталады 14 сәуір. Туған күн иелері ШҚО-да жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам көлікті онлайн тіркеді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Шара барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылған. Жалпы саны 4800-ден астам адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Үш күн ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 146 фактісі тіркелген.

«Нәтижесінде 93 адамға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынды. 1362 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы, 671 адамға ерекше талаптар белгіленді. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 36 ата-ана жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 40 қолайсыз отбасы есепке қойылып, 28 ата-анаға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссияға жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT