+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО-да үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыс ашылды

2021 жылғы 31 шілде 05:34
Бөлісіңіз:
ШҚО-да үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыс ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қабанбайдың 329 жылдығы: ШҚО-да республикалық конференция өтті Ерқанат Тұрымтай қазақтың көне жәдігерлерін бүгінге дейін сақтап келеді Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 27-29 шілде аралығында өңір аумағында «Барымта» жедел алдын алу шарасын өткізді. Мұндағы мақсат – мал ұрлығының алдын алу және қылмыскерлерді қолға түсіру.

«Шара барысында жедел-криминалдық, әкімшілік және жергілікті полиция қызметінен барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар ветеринарлық бақылау қызметінің 42 маманы тартылған. 3 күннің ішінде тәртіп сақшылары бұрын жасалған 11 қылмыстық істі ашты. Нәтижесінде, 24 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды. Оның ішінде 11 жылқы, 9 ірі қара және 4 ұсақ мал бар. Иесіз жайылған 544 бас мал айыппұл тұрағына жеткізілген», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) сәйкес, тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдаған 16 адам анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT