ШҚО-да үш айда 41 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш айдың ішінде 41 000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Учаске» жедел алдын алу шарасын өткізген.

Соның аясында полицейлер 310 933 пәтерді, 232 623 жер үй мен 51 594 саяжайды аралап шықты. Есепке алынған 46 104 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

«Әр түрлі құқық бұзушылық жасаған 41 000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, азаматтық қарудың 13 000-нан астам иесі тексеріліп, қаруды сақтау шарттары мен тіркеу мерзімдерін бұзудың 210 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 42 қару тәркіленген», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сонымен қатар 1300-ден астам кәмелетке толмаған бала ұсталды. Оның 111-і алкогольді ішімдіктер ішкені және қоғамдық орында мас күйде жүрген, 82-і заңсыз өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарына барған, 225-і қоғамдық тәртіпті бұзған.


Соңғы жаңалықтар