ШҚО-да үш ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Аягөз, Зайсан және Тарбағатай аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тағайындаулар туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Мәслихаттардың келісімі бойынша Аягөз, Зайсан және Тарбағатай аудандарына жаңа әкімдер тағайындадым. Ділдәбек Тәжібайұлы баршаңызға жақсы таныс. Бұған дейін ол Тарбағатай ауданының әкімі болған. Бүгіннен бастап, Аягөз ауданын басқарады. Қойылған әр міндеттін тек нақты нәтижесін көрсететін білікті маман. Мен берген алғашқы тапсырма - қаланың орталық қазандығына күрделі жөндеу жүргізу. Облыстық бюджеттен ол үшін 250 млн теңге бөлінді. Осы аптада оны коммуналдық меншікке өткізу жұмыстарын аяқтаймыз», - деп жазды облыс әкімі.

Аймақ басшының жазуынша, Зайсан ауданына тәжірибелі басшы, осы өңірдің тумасы Серік Қасымбекұлы Ақтанов әкім болып келді. Ол ұзақ жылдар бойы жол құрылысы саласында еңбек еткен. 2016 жылдан бері Ахметовтің орынбасары болған.

«Тарбағатай ауданының жаңа әкімі Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов 2014 жылдан бастап Үржар ауданы әкімінің орынбасары лауазымын иеленді. Осы уақыт аралығында атқарған қызметіне баға бере келе, жоғары кәсіби шеберлігін атап өткім келеді. Аталған аудандардың жаңа әкімдері Сіз бен біздің үмітімізді ақтайды деген сенімдемін», - дейді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар